Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 481.83
  • 556.8
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент сотталды

Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент сотталды

Павлодарда жаңа туған сәбиін өлтірген студент қыз сотталды.

  • 27 Наурыз
  • 3
Фото - Caravan.kz

Қайғылы жағдай 2025 жылы қазан айында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының жазуынша, жүктілігін ата-анасы мен жақындарынан жасырған бойжеткен білім алатын оқу орнының жатақханасында босаныпты. Нәрестенің даусын ешкім естімесін деп оның аузын орамалмен жауып тұншықтырған. Сәби сол жерде жан тапсырған. Сотта ол кінәсін мойындады.

«Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 100-бабына сәйкес күдіктіні айыпты деп тапты. Оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Пробациялық бақылауда болады. Үкім заңды күшіне енді», – деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.