Бүгінде Аи-80 маркалы жанармай бағасы 10 теңгеге көтеріліп, 62 теңге болды. Бағаның шарықтауы облыстағы барлық жанармай бекеттерінде байқалады. Тек «Гелиос» компаниясының жанармай бекеттерінде өзгеріс жоқ.
Жанар- жағармай бағасының қымбаттауына қатысты ресми органдар әзірге түсінік беруден бас тартып отыр. Сонымен қатар, Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Павлодар облысындағы жанармай бекеттері иелерінің қауымдастығынан да қандайбір мәлімет ала алмады.
Бұл қыркүйек айының басынан бері бағаның екінші мәрте көтерілуі. Бір апта бұрын жанармай 3 теңгеге қымбаттаған. Облыс әкімшілігіндегі ақпарат көзінің пікірінше, бағаның шарықтауына жанармаймен қамтамасыз етушілердің егіншілерге жанар-жағармайды арзан бағаға беріп, енді шығынды өтеу мақсатында Аи-80 маркалы жанармайды көтерме бағамен сатпай отырғандығы себеп.
«Аи-80 маркалы бензиннің тапшылығына байланысты , ұсақ сатушылар бағаны көтеруге мәжбүр болды»,-дейді ақпарат көзі. Сондай-ақ , сенімді ақпарат көзі 21 шлдеде Астанада мұнай мен мұнай өнімдерінің иелері 2006 жылы Қазақстан нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етудегі серіктестік туралы Меморандумға қол қойған. Осы құжатқа сәйкес, олар Аи-80, Аи-85 маркалы жанармай бағасын ішкі нарық үшін көтермеуге міндеттеме алған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті