Павлодарда жаңа үйдің қабырғасы қақырап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жаңа үйдің қабырғасы қақырап тұр

Павлодарда жаңа үйдің қабырғасы қақырап тұр

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналы болған жұрт үйлерінің сапасыз салынғанына қапалы. Галицкое ауылындағы сырты көз тартарлық, әрқайсысы екі пәтерлі алты үй осыдан төрт жыл бұрын салынған. Жағдайы нашар он екі отбасыға берілген жаңа баспаналардың қазір қабырғалары жарылып тұр. Тұрғындар олардың өзге де кемшіліктерін тізіп, жергілікті билікке шағымданған екен. Атқамінерлер мұнда қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп сөз берген. Бірақ оған ақша таппаған шенеуніктер енді демеуші іздеп алақан жайып отыр.

  • 6 Тамыз 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Төрт жыл бұрын Галицкое ауылында мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген мына алты үйдің сыртқы көрінісі қалыпты жағдайда. Алайда мұнда көшіп келген жұрт баспаналарының ішкі жағдайы сын көтермейтінін айтады. Қабырғалары жарылған бұл үйлердің құрылысына бюджеттен 55 миллион теңге бөлінген.

— Эта трещина – она сквозная, то есть с нее светится свет. Когда наступает зима, у нас тут большой лед весит.

Татьяна Роот – биыл сәуір айында баспаналы болғандардың бірі. Алайда бұл қуанышы ұзаққа созылмапты. Жаңа үйлердің қабырғаларының жарылғанын былай қойғанда, оларға жарық пен жылу толығымен тартылмай қалған.

Татьяна Роот, Галицкое ауылының тұрғыны:

—  Әне-міне дегенше қыс та келіп қалады. Жарылған қабырғалардан сол кезде суықтың соғары анық. Екі баламен мына үйде қалай тұратынымызды білмеймін. Өзім бала күнімнен мүгедекпін. Әкімдіктегілер ұнамаса кетіңдер деді.

2011 жылы салынған бұл баспаналарға жұрт «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша аудан-ауданнан көшіп келген. Келісім-шарт бойынша әр пәтер иесі айына үш мың теңге төлеуі тиіс.Үйлерді асығыс салдырып, тапсырған шенеуніктерге тұрғындардың өкпесі қара қазандай.

Ирина Семенова, Галицкое ауылының тұрғыны: 

— Бес баламен осындай үйде тұрып жатырмыз. Мал ұстауға да жағдай жасалмаған. Не ауласы жоқ. Жаңа үй деген аты ғана.

Құрылыс кемшіліктерін айтып шағымданған жұрт әкімдіктің табалдырығын тоздырыпты. Алайда қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге уәде берген атқамінерлерден еш қайыр болмапты.Сапасыз үйлерге биыл ғана сараптама жүргізген аудан басшылығы бұл жолы да әдеттегідей сайрады.

Әлмира Дүсіпова, Успенка ауданы әкімінің орынбасары: 

—  Бюджеттен ақша бөлінбегендіктен демеушілерді іздеп тауып, кемшіліктерін түзету жоспарда бар. Бірақ бұл үйлерде бұған дейін тұрған адамдардың қиратқан дүниелерін жөндеу біздің міндетіміз емес. Тек сараптама жүргізген арнайы комиссия берген акт бойынша ғана жұмыстар атқарылады.

Сараптаманың нәтижесін күтіп отырғандарын айтып ақталған атқамінерлер жарылған қабырғаларды күзге дейін жамауға кезекті рет сөз берді. Ал толық тартылмаған жарық пен жылу мәселесінің не болары белгісіз. Жұрт олқылықтары түзетілмеген жағдайда жалға берілген осы баспаналарынан бас тартатынын мәлімдеп отыр.

Соңғы жаңалықтар