Павлодарда жас ақындардың «Жырла, Жас өркен!» атты байқауы ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жас ақындардың «Жырла, Жас өркен!» атты байқауы ұйымдастырылды

Павлодарда жас ақындардың «Жырла, Жас өркен!» атты байқауы ұйымдастырылды

Павлодар қаласының Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында өткен «Жырла, Жас өркен!» атты жас ақындардың байқауы білім шаңырағының 50 жылдығына арналды.

  • 14 Наурыз 2012
  • 630
Фото - Caravan.kz

Оған облыс орталығының мектебінде, Баянауыл, Қашыр, Лебяжі және Ақсу аудандарында оқитын айтыскерлер қатысты.

Баянауыл ауылының оқушысы Абай Рымбай өзінің суырып салма өнерінің арқасында байқаудың жүлдегері атанды. Бірінші орын Қабдаш Абзал есімді жас дарынға бұйырды. Ал Алтынсарин атындағы мектеп интернатының оқушысы Байрон Марес Иса Байзақов атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды.

Байқаудың қатысушыларына естелік грамоталары мен сыйлықтар табыс етілді.

Перейти к новостям спорта