Өздерінің еркін тақырыптағы шығармаларын, өлеңдері мен әңгімелерін 8 және 17 жас аралығындағы 90-ға жуық жас автор — қалалық және ауылдық мектеп оқушылары жіберді.
Құрамына ИнЕУ-нің журналистика кафедрасының доценті Елена Вайберт, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің жетекшісі Александр Вервекин мен Оқушылар сарайының мамандары кірген қазылар алқасы үздік туындыларды таңдап алды.
Кіші топта бірінші орынға № 3 Железин мектебінен Айдана Мұхаметқали мен № 26 павлодарлық мектеп оқушысы Николай Кожевников лайық деп танылды. Орта топта екібастұздық «Зерде» мектебінің оқушысы Өнербек Құмарбек пен Железин ауданының Михайловка ауылынан келген Никита Тищенко жеңімпаз атанды. Жоғары сынып оқушылары арасында қазылар алқасы Қашыр ауданының Федоровка ауылынан келген Арайлым Ермекова мен № 3 Железин мектебінің оқушысы Самал Құлмағамбетованың туындыларын жоғары бағалады.
Әдеби жарыс жеңімпаздары дипломдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.