Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі аяқталды

Павлодарда жас музыканттардың 47-ші облыстық фестивалі аяқталды

Павлодарда балалар музыкалық мектептерінің жас пианистері мен хор ұжымдарының Павлодар облысының 75 жылдығына арналған 47-ші облыстық фестивалі аяқталды, деп хабарлады білім басқармасынан.

  • 4 Наурыз 2013
  • 500
Фото - Caravan.kz

Оған аймақтың қалалары мен аудандарынан 249 музыкант қатысты. Қазылар алқасы оқушылардың орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейін, балалар арасындағы музыкалық білім беделінің артқанын атап өтті.

Павлодарлық «Музыкалық колледж — дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешенінің және Екібастұз музыкалық мектебінің тәрбиеленушілері жыл сайын жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетіп келеді.

Аталмыш мамандандырылған мекемелердің оқушылары биылғы фестивальда да сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде жас пианистер — екібастұздық Никита Абеков, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың оқушысы Владислав Бгашев және павлодарлық № 1 музыкалық мектептің тәрбиеленушісі Ардақ Қапар бас жүлдені жеңіп алды.

Екібастұз, Павлодар қалаларының, Шарбақты және Баянауыл ауылдарының музыка мектептерінің үздік хор ұжымдары ерекше атап өтілді.

Перейти к новостям спорта