Павлодарда жас өлкетанушылардың облыстық конкурсы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жас өлкетанушылардың облыстық конкурсы өтті

Павлодарда жас өлкетанушылардың облыстық конкурсы өтті

Павлодар облысында алғаш рет жас өлкетанушылардың облыстық конкурсы өтті,

  • 8 Маусым 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Оқушылар сарайынан. Конкурс өткен ғасырдың 30-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына арналды.

25 мектептің оқушылары конкурсқа сол саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен отбасылар туралы өз зерттеу материалдарын ұсынды.

Қазылар алқасы бас жүлдені Екібастұздағы мамандандырылған мектептің өлкетанушыларына табыс етті. Олар репрессияға ұшыраған танымал жерлестері Рахымжан Жаманқұлов туралы материалдар жинаған. Балалар оның фотосуреттері мен жеке құжаттарын қалалық мұрағаттардан іздеп тапқан, материалдардың тағы бір бөлігін оның туған-туыстарынан алған.

Бірінші орын алған Майқайың ауылындағы №2 мектептің оқушылары өз зерттеулерінде кезінде өңірге жер аударылған поляктар туралы баяндаған. Олар диаспораның қазіргі тұрмыс-тіршілігі, олардың кезіндегі қиын тағдыры туралы мәліметтер жинаған.

Жас өлкетанушылардың еңбектері туған өлкенің тарихын толықтырып отыр, дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар