Павлодарда жас шаштараздардың конкурсы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жас шаштараздардың конкурсы өтті

Павлодарда жас шаштараздардың конкурсы өтті

Павлодарлық оқушылар «Арт-Союз» жобасы бойынша «Люкс-шаштараз» конкурсын өткізді,

  • 24 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Балалар шығармашылығы орталығынан.

Қаланың 29 мектебінен жиналған 200-ден астам жас шаштараз қайшы пен тарақтың, ең бастысы, қиялдың көмегімен «Жадыраған жаз», «Би кешінде», «Думанды кеште» деп аталатын ерекше шаш үлгілерін жасады.

Бірінші орынды — №40 мектептің командасы иеленді, қазылар алқасы №4 және №18 мектептердің, Кенжекөлден келген жас шеберлердің өнерлеріне жоғары баға берді.

Балалар шығармашылығы орталығының «Арт-Союз» жобасы бойынша павлодарлық балалар жаз айларында әртістердің, суретшілердің, бишілер мен әншілердің, декораторлардың, шаштараздар мен модельерлердің рольдерін ойнай алады. Және жаз бойы олар достарымен бірге түрлі конкурстар мен көрмелерге қатысады.

Соңғы жаңалықтар