Павлодарда жазықсыз адамды бас бостандығынан айырып, бөтен меншіктегі пәтерді иемденіп алуға талпыныс жасағаны үшін екі полиция қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жазықсыз адамды бас бостандығынан айырып, бөтен меншіктегі пәтерді иемденіп алуға талпыныс жасағаны үшін екі полиция қызметкері ұсталды

Павлодарда жазықсыз адамды бас бостандығынан айырып, бөтен меншіктегі пәтерді иемденіп алуға талпыныс жасағаны үшін екі полиция қызметкері ұсталды

Павлодарда жазықсыз адамды бас бостандығынан айырып, бөтен меншіктегі пәтерді иемденіп алуға талпыныс жасағаны үшін екі полиция қызметкері ұсталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Шiлде 2003
  • 417
Фото - Caravan.kz

Құқық қорғау органының екі қызметкері 20-мамырда Михаил Крюков есімді 66 жастағы қарт зейнеткерді ұрлап әкетіп, бір апта бойы қамауда ұстаған. Олар зейнеткерден иелігіндегі пәтерін жатақханадағы бір бөлмеге ауыстыруды талап етеді.

Ұзақ уақыт қамауда отырған зейнеткер ептеп қашып құтылған. Сөйтіп, 29-мамырда зейнеткердің келіні полицияға шағым түсіреді. Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі Нина Цысьтың айтуынша, «зейнеткерді ұрлаған құқық қорғау қызметкерлері екенін естігенде ондағылардың төбе шаштары таңданыстан тік тұрған» көрінеді.
Павлодар облыстық Ішкі істер басқармасы ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері шағымның ізімен бір ай бойы арнаулы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 26-маусымда күдікті полиция қызметкерлерін қамауға алады. Беттестіру кезінде М.Крюков өзін ұрлаған полиция қызметкелерін жазбай таныды. Нәтижесінде зейнеткерді ұрлаушылар — қалалық ішкі істер басқармасының патрульдық күзет қызметінің аға лейтенанты мен сержанты болып шықты.
Алдын-ала тергеу қорытындысы бойынша, қарттың пәтерін иемденіп алу жөніндегі идеяны сержант тастаған көрінеді. Қазір тергеу мүддесіне сәйкес күдіктілердің есімі жарияланбай отыр. Тағы бір белгілі болғаны, зейнеткер қамауда отырған кезде полиция қызметкерлері оның үйіне бірнеше мәрте келіп, үйдегі теледидарды тонап кеткен. Мұнымен ғана шектелмей, әлгілер М.Крюковпен көршілес тұратын пәтердің қожайын әйелінен зейнеткердің уақытша сақтауға берген үй кітабын тартып алуға әрекет жасаған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар