Павлодарда жекеменшік компания күзетшісінің өліміне қатысты істің беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда  жекеменшік компания күзетшісінің өліміне қатысты істің беті ашылды

Павлодарда жекеменшік компания күзетшісінің өліміне қатысты істің беті ашылды

АСТАНА. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today. Полиция қызметкерлері Павлодарда жекеменшік компания күзетшісінің өліміне қатысты істің бетін ашты. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2006
  • 339
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің ақпаратына сәйкес, «Азия-Груп» ЖШС әкімшілік ғимаратының күзет бөлмесінде 48 жастағы күзетшінің мәйіті табылған. Қызмет бөлмелерінен компьютер, телефон, факс, көшірме және бақылау кассалық аппараттары тоналған.

Тергеу барысында ЖШС -нің жұмысшылары мен қызмет көрсету құрамы түгел тексерілді. Нәтижесінде полицейлер осы компанияда жұмыс істейтін слесарьді ұстады, ол техникаларды тонау мақсатында күзетшіні өлтіргенін мойындады.

Ұрланған заттар күдіктінің тұрғылықты жерінен тәркіленді. Іске күзетшіні ұрып өлтірген қан дақтары бар металл түтік тіркелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта