Жарияланды: 430

Павлодарда жер үйде газ баллоны жарылды

Кеше кешқұрым Павлодар қаласында «Құрылыс» бағбандық қоғамында орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, жалын қораның шатырына жайылды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрттің салдарынан екі газ баллоны жарылып, соңынан шатыр опырылып құлады. Оның аумағы 10 шаршы метрді құрады. Өрт толығымен бір сағаттан астам уақыттан кейін сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады. Өртпен күрес кезінде 49 жастағы ер адам мен бір әйелдің (туылған жылы анықталмаған) мәйіттері табылды. Сондай-ақ 74 және 63 жастардағы екі ер адам күйік шалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін