Павлодарда жергілікті бюджет қаржысының есебінен қазіргі бар 1300 лифтінің 153-і жаңаланып өзгертілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жергілікті бюджет қаржысының есебінен қазіргі бар 1300 лифтінің 153-і жаңаланып өзгертілмек

Павлодарда жергілікті бюджет қаржысының есебінен қазіргі бар 1300 лифтінің 153-і жаңаланып өзгертілмек

Павлодарда жергілікті бюджет қаржысының есебінен қазіргі бар 1300 лифтінің 153-і жаңаланып өзгертілмек. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Павлодарлифт" ААҚ-нан хабарлады.

  • 5 Маусым 2003
  • 512
Фото - Caravan.kz

142 лифтіні күрделі жөндеуден өткізу және 11 лифтіні өзгерту мақсатына Павлодар бюджетінен 50 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары осы маусым айында басталады деп күтілуде.

«Бүгінде Павлодарда қазіргі бар 1300 лифтінің 260-ының қызмет мерзімі аяқталып, күрделі жөндеуді немесе өзгертуді талап етуде. Ал келер жылы тағы да 100 лифтінің қызмет ету мерзімі аяқталады»,- деп хабарлайды «Павлодарлифт» ААҚ.
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы биыл тек 153 лифтіні жөндеуге жетеді. «Павлодарлифт» ААҚ өкілдерінің айтуынша, бір лифт кабинасының құны 1,7-1,9 миллион теңгені құрайды.
Сонымен бірге Павлодардың лифт шаруашылығы қасақана өрт жіберу салдарынан едәуір зардап шекті. Мәселен, былтыр қаскүнемдердің кесірінен 62 лифт өртеніп кетті. Олардың тең жартысын қалпына келтіру мүмкін емес.
Осыған байланысты лифт жаңалау бағдарламасы аясында 69 лифтінің шахтасына бөтен адамдардың кіріп кетуінен қорғайтын қондырғы орнатылмақ. Сондай-ақ, жұмыссыздар қатарынан 114 адам лифт қорғау жұмысына тартылды.

Соңғы жаңалықтар