Павлодарда "Жергілікті мұражайларды қолдайық" атты шара өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "Жергілікті мұражайларды қолдайық" атты шара өтеді

Павлодарда "Жергілікті мұражайларды қолдайық" атты шара өтеді

9-қараша сәрсенбіде Павлодарда "Жергілікті мұражайларды қолдайық" атты шара өтеді. Оның барысында тұрғындар отбасындағы жәдігерледі мұражайларға табыс ету мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық мәдениет департаментінен хабарлады.

  • 8 Қараша 2005
  • 735
Фото - Caravan.kz

«Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында өткізілетін шара бір аптаға созылады.

Павлодар облыстық мәдениет департаментінің бастығы Айым Қанафинаның айтуынша, облыста бүгінде заңды тұлға мәртебесіне ие 11 мұражай мен басқа да көптеген қоғамдық мұражайлар жұмыс істейді. Олардың қорын толықтыру үшін осылайша тұрғындардың көмегіне жүгінуге тура келіп отыр. Мамандардың пікірінше, отбасы мұрағаттарында құжаттар, хаттар, қолданбалы және фольклорлық шығармашылық туындылары сынды көптеген қызғылықты материалдар сақталып отыр.
Мәселен, Павлодардағы Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы соңғы 13 жыл бойы облыстағы әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеп насихаттаумен шұғылданып келеді. Бүгінде мұражай қорында танымал жазушылар Всеволод Иванов, Әкім Некрасов, Мұзафар Әлімбаев, Қалижан Бекхожин, Дихан Әбілевтің қолжазбалары, танымал кинорежиссер Шәкен Айманов, әртіс Каукен Кенжетаев, әнші Хафиза Әбуғалиева, жазушы Қалмұхан Исабаевтың тұтынған бұйымдары сынды 29 077 экспонат сақтаулы тұр.
«Әрбір мұрағат — бір емес бірнеше ұрпақтың назарын аударуға тұрарлық бүтін бір тарихқа парапар»,- деді Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы қорының сақтаушысы Татьяна Корешкова. — Шара барысында біз павлодарлықтардың көмегіне жүгінбекпіз. Отбасылық мұрағатында сирек кездесетін кітаптары, фотоматериалдары мен бұйымдары, танымал жазушылар, ақындар және әртістермен кездесуден ескерткіш болатын заттар мен қолданбалы және фольклорлық шығармашылық бұйымдарын мұражайларға тапсыруды сұраймыз»,- деді ол.