Апат 14-желтоқсанда Толстой көшесінің бойында болған. «Мерседес» автокөлігінің тізгінінде отырған 25 жастағы жігіт көлігіне ие бола алмай қалу салдарынан ол жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан автокөлік бір қабатты жай үйдің қабырғасын бұзып өтті.
Автокөліктің соққысынан үй ішіндегі орталық жылыту желісінің батареясы жұлынып, қабырға орнынан жылжып, үйдің төбесіне құлау қаупі төнді. Үй қожайындары көлік жүргізушісінен материалдық шығынның орнын толтыртып алмақшы.
Апат кезінде үйде ерлі-зайыпты үй қожайындары ғана болған. Кәмелеттік жасқа жетпеген қыздары сол сәтте сабақта болса керек. Үй қожайындары мен көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Автокөлікке шамалы ақау келген.