Оқыс оқиға кеше, 20-мамырда болған. Бала оқиға орнында көз жұмды.
Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасындағылардың нақтылағанындай, бұл жол апатынан баланың мерт болуына байланысты биылғы жыл басынан бергі бірінші оқиға. Жалпы алғанда жыл басынан бері балаларға қатысы бар жол апаты 39 мәрте тіркеліп, олардан 43 бала зардап шекті. Олардың басым бөлігі балалар отырған автокөлік апатқа ұшырауға байланысты.