«Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовскийдің айтуынша, ер азамат ұлымен бірге жолдан өтіп бара жатқан.
«Ер адам түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай, 2003 жылы туған 12 жастағы жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. Жедел жәрдемді жүргізушінің өзі шақырған», — дейді А. Морозовский.