Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншектің өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншектің өлі денесі табылды

Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен келіншектің өлі денесі табылды

Павлодарда үш ай бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен тәрбиеші әйел өлі табылды. 30 жастағы Ольга Чупразованы кездесуге шақырған бұрынғы күйеуі буындырып, қала сыртына апарып көміп тастапты. Қаскөй қылмысты 20 жасар танысымен бірген жасаған екен. Кейін сол сыбайласы полицияға өз еркімен барып, болған жайды жайып салған. Тергеушілерді оқиға орнына ертіп апарған ол, шұңқырдағы әйелдің мәйітін де көрсетті.

  • 13 Қараша 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Тамыздың 16-сы күні үйінен шыққан Ольганы содан бері көрген ешкім жоқ. Туыстары да іздеп таппаған соң полицияға хабар беріп, 30 жастағы келіншектің суреттері бұрыш-бұрышқа ілінген болатын. Қызым тірі деп үміттенген анасы енді қаралы хабарды естіп ес жия алмай отыр.

Галина Филонова, Ольга Чупразованың анасы:

– Үш ай бойы жанымызды қоярға жер таппадық. Жиендеріме анасының жоғалғанын қалай түсіндіретінімді де білмедім. Қызымды айуандықпен өлтіргендер жазалансын. Одан өзгенің қажеті жоқ.

Сөйтсе, әлдебіреулермен кездесуге кеткен Ольганы биыл ажырасып кеткен күйеуі күтіп алған. Әңгімелері жараспаса керек, көлікке күштеп отырғызып, сыммен буындырып өлтірген. Қаскөй тіпті кейін түк болмағандай еріктілермен бірге бұрынғы әйелін іздеуге қатысыпты.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Қала сыртына шығарып, сол көліктің ішінде оны қылқындырған.Содан кейін мәйітін талдардың арасына көміп кетіп қалған.Ол осы жоғалар алдында үш күн бұрын өздері сотпен ажырасқан. Және «басқа кісіге тұрмысқа шығам» деп ойланып жүрген. Осы қылмысқа қызғаныш себеп болды.

Мәйітті жасыруға қаскөйдің 20 жастағы танысы көмектесіпті. Кейін тықырдың таянғанын сезген сыбайлас, полицияға өз келіп, істегендерін бүге-шігесіне дейін жайып салған. Қазір екеуі де қамауда.

Ал үш ай іздеуде болған Ольга Чупразованың денесі арнайы сараптамаға жіберілген. Балабақшада тәрбиеші болған марқұмның артында кәмелет жасына толмаған қызы мен ұлы қалды.Олардың ендігі тағдырын құзырлы органдар шешпек.

Соңғы жаңалықтар