Павлодарда журналиске шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда журналиске шабуыл жасалды

Павлодарда журналиске шабуыл жасалды

Республикалық «Время» газетінің Павлодар облысындағы тілшісі Ольга Воронькоға шабуыл жасалды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

  • 7 Маусым 2016
  • 374
Фото - Caravan.kz

Журналистің айтуынша, оның үйінің маңында КамАз жүргізушісі жүк көлігін қате қойып кеткен. «Мән-жайды анықтау үшін фотоаппаратымды алып, сыртқа шықтым. Өзімнің журналист екенімді айта берген кезде, ер адам қолымды қайырып, фотоаппаратымды жерге лақтырып жіберді. Бұған қоса, мойынымнан қылғындырды. Ал, тыйым салынған орынға тоқтаған жүк көлігінің дөңгелектері жерді опырып, кіріп кеткен», — деді Ольга Воронько.

Кикілжіңді оның көршілері мен жақын арадағы дүкен сатушылары көрген. Ольга Воронько куәгерлерден полиция шақыруды өтінгенмен, олардың ешқайсысы журналистің жанайқайына құлақ аспаған. Жүргізуші жүк көлігіне отырып кетіп қалмау үшін тілші жолға тұрып алып, көлікті өткізбей қойған.

Ольга Воронька өзін өкпелеткен адамның заң алдындағы жауапкершіліктен оңай құтылып кетуінен қауіптенеді. «Тексерушімен бірге ол кабинетке келгенде қасында дәрігері болды. Ер азамат иығын ұстап, мен оны ұрғандай сыңай танытты. КамАз-дың иесі жүргізушісінің туысы көрінеді және олар ішкі істер департаментінде таныстарының барын айтты», — дейді журналист.Павлодар облыстық ІІД бұл жағдай бойынша нақты мәлімдеме жасаған жоқ. Айтуларынша, әзірге тексеру амалдары жүруде.