Павлодарда жылдың басынан бері телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жылдың басынан бері  телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр

Павлодарда жылдың басынан бері телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр

ПАВЛОДАР. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодарда жылдың басынан берігі телефон террористерінен келген шығын шамамен 1,5 млн теңгені құрап отыр. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Ақпан 2007
  • 420
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері облыстық жедел қызмет пультіне жарылғыш заттың қойылғандығы туралы 3 жалған қоңырау келіп түскен. «Арнаулы қызметтің әрбір қызметкерінің жарылғыш зат орнатылды-ау деген жерге баруы 11 мың теңгені құрайды»,- деп түсіндірді баспасөз қызметі. Полицейлер «әрбір жалған хабарға 40-тай маманның жөнелтілгендігін» атап өтті.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодардағы соңғы жалған лаңкестік дерегі 12-ақпанда тіркелген. Белгісіз береу № 15 орта мектебінің ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғандығы туралы хабарлаған. Террорист осы мектептің 9-шы сынып оқушысы болып шықты. «15 жасар жасөспірім химия сабағын болдырмау үшін ұялы телефонынан «112» шұғыл қызмет нөмірін терген»,- дейді экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес жөніндегі бөлім бастығы Жанат Сіләмов.

Жасөспірімге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242-бабы бойынша («Терроризм актісі туралы жалған хабар беру») қылмыстық іс қозғалды. Енді жасөспірімнің бұзақылығы үшін ата-анасы жауап береді. Полицейлердің пікірінше, терроризм туралы жалған қоңырау шалу оқиғаларының өсуін тоқтату үшін мұғалімдер мен ата-аналардың да үлкен үлесі қажет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті