Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 67 үй жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 67 үй жылусыз қалды

Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 67 үй жылусыз қалды

Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 67 үй жылусыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 23 Желтоқсан 2004
  • 398
Фото - Caravan.kz

Апат 22-желтоқсанда 18 сағат 30 минутта болған.

Қалалық әкімшілікте осыған байланысты шұғыл штаб құрылды. Қала тұрғындары, пәтер иелерінің кооперативтері мен дүкен қожайындары апат туралы құлағдар етілді. Шұғыл шаралардың нәтижесінде бүгінгі жағдаймен бірде-бір нысан қатып қалған жоқ. Түске таман жөндеу жұмыстары аяқталып, үйлерге жылу беріле бастайды.
Апат салдарын жоюға қалалық жылу желісінің апаттық бригадаларының 20 адамы мен 10 техникасы шығарылды.
Бүгін түнде Павлодарда ауаның температурасы 35 градус аязды көрсетіп тұр.

Перейти к новостям спорта