Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 8 үй жылусыз қалып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 8 үй жылусыз қалып отыр

Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 8 үй жылусыз қалып отыр

24-желтоқсан, таңертеңгі 6 сағаттағы жағдаймен Павлодарда көп қабатты 8 үй жылу желісіне әлі қосылған жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 339
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22-желтоқсанда Павлодарда жылу желісіндегі апат салдарынан көп қабатты 89 үй жылусыз қалды. Бұл түні Павлодарда ауаның температурасы 35 градус аязды көрсетті.

Қазіргі жағдаймен жылу трассасы үзілген жерде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 81 үй жылу желісіне қосылды. Қалған 8 үйде жылыту желісін қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Апат салдарын жоюға қалалық жылу желісінің апаттық бригадаларының 40 адамы мен 10 техникасы, коммуналдық қызметтердің 82 адамы шығарылды.

Перейти к новостям спорта