Павлодардағы №8 лицейдің түлегі халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы №8 лицейдің түлегі халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

Павлодардағы №8 лицейдің түлегі халықаралық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

Павлодардағы №8 лицейдің түлегі, «Алтын белгі» иегері Жасұлан Бараисов физика пәні бойынша өткен халықаралық олимпиададада (IPhO-2011) алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады білім басқармасынан.

  • 20 Шiлде 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz

Зияткерлік жарыс 10-18 шілде аралығында Бангкокте өтті.

7 сыныптан бастап білім бәсекелеріне қатыса бастаған Жасұлан бес жылдың ішінде облыс қоржынына 17 халықаралық, республикалық және облыстық награда әкелді.

Ж. Бараисов — Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің 2011 жылғы грант иегері. Сингапур ұлттық университеті мен Нань-Ян технологиялық университетіне оқуға шақыру алған. Назарбаев Университетіне емтиханды сәтті тапсырған. Ол қолданбалы физикамен әуестенеді және кез-келген үдерісті суреттеуге болатын және Қазақстан ғылымының беделін көтеруге үлес қосатын формула ойлап тапқысы келеді.

Жасұлан — Павлодар облысындағы дарынды және танымал педагогтардың бірі, №8 мектеп-лицейдің физика мұғалімі Анатолий Билиданың шәкірті. Жасұланның есімі сондай-ақ «Қазақстан үміттері» және «Дарынды балалар — Қазақстанның болашағы» энциклопедияларына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар