Павлодардағы абақтыларда еңбек заңнамасын өрескел бұзу оқиғалары әшкереленді - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы абақтыларда еңбек заңнамасын өрескел бұзу оқиғалары әшкереленді - прокуратура

Павлодардағы абақтыларда еңбек заңнамасын өрескел бұзу оқиғалары әшкереленді - прокуратура

Павлодардағы абақтыларда "Еңбек туралы" заңды өрескел бұзу оқиғалары әшкереленді. Облыстық прокурордың азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі Арыстан Ізбасқановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, ресми түрде еңбекпен қамтамасыз етілді деп тіркелген қамаудағы азаматтардың басым бөлігіне 1 теңгеден жалақы есептеліп келген.

  • 4 Тамыз 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Павлодарда еңбекпен түзету жөніндегі 5 абақты бар. Оларда 5 мыңдай қылмыскер жазасын өтеуде. Соңғы уақытқа дейін облыс қамаудағыларды жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша ел көлемінде алдыға жан салмаған. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, жазасын өтеушілер арасынан 1383 адам ресми түрде жұмыспен қамтылғандар санатында көрінеді. Алайда, «Еңбек туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдардың орындалуын қадағалауға бағытталған прокурорлық тексерулер қорытындысы айқындап бергеніндей, бұл көрсеткіштер он есе асыра көрсетілген. Шын мәнісінде жұмыспен қамтылғандар саны 50 ғана көрінеді. Ал қалған 1333 адам тізімде өтірік көрсетілген. «Бұларды «өлі жандар» санатына қосуға болады. Қандайбір жұмысқа жегілмегеніне қарамастан, олардың аты-жөні ақпартізімге ай сайын ілігіп отырған»,- деді А.Ізбасқанов.

Сондай-ақ, сотталғандарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын «Еңбек-Павлодар» РМК атты түрмедегі еңбекпен қамту орталығы «сотталғандарға белгісіз себептермен бар-жоғы 1 теңгелік жалақы есептеп келген». Тексеру қорытындысы бойынша «Еңбек-Павлодар» РМК-ның директоры Дүйсен Сексенбаев жұмысынан босатылды. Бұл басшының нақты көрсеткіштерді асыра көрсеткенде қандай мақсатты көздегенін прокуратура әзірге бағамдай алмай отыр.

Перейти к новостям спорта