Павлодардағы Халық банкі филиалының жинақ кассасына жасалған қарулы шабуыл салдарынан бір қызметкер қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы Халық банкі филиалының жинақ кассасына жасалған қарулы шабуыл салдарынан бір қызметкер қаза тапты

Павлодардағы Халық банкі филиалының жинақ кассасына жасалған қарулы шабуыл салдарынан бір қызметкер қаза тапты

Бүгін, 14-қаңтарда Павлодардағы Халық банкі филиалының жинақ кассасына қарулы шабуыл жасалып, соның салдарынан бір қызметкер қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz

ІІБ мәліметі бойынша, 14 сағат шамасында бетперде киіп, қаруланған екі адам Кутузов көшесінің бойындағы 89 үйде орналасқан жинақ кассасының мекенжайына басып кірген.

Ғимарат ішіндегілерге шабуылшылар еденге жатуды бұйырған. Тұруға әрекет жасаған бір банк қызметкерін әлгілер атып жіберген. Соның салдарына қызметкер оқиға орнында жан тәслім етті.
Шабуылшылар кассадан 1,7 млн. теңгені алып кетті. Үш минуттан кейін қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін жасырып үлгерді.
Алдын-ала мәлімет бойынша, шабуылшылар ұшы кесілген шұнти-мылтық пайдаланған.
Жинақ кассасына қарулы шабуыл жасау дерегі бойынша тергеу амалдары басталды.

Перейти к новостям спорта