Павлодардағы христиандық зиратта бейіттерді ойрандау оқиғасы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы христиандық зиратта бейіттерді ойрандау оқиғасы болды

Павлодардағы христиандық зиратта бейіттерді ойрандау оқиғасы болды

Павлодардағы христиандық зиратта бейіттерді ойрандау оқиғасы болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Шiлде 2003
  • 494
Фото - Caravan.kz

Өткен аптаның соңында 6 жасөспірімнен құралған топ Павлодардағы христиандық Суворов зиратындағы қабірлердің қоршауын бұзып, ескерткіштердегі гүл шоқтары мен суреттерді жұла бастаған. Осы сәтте бейіт басында жүрген әйелдер, зейнеткерлер мен зират қызметкерлері оларды тоқтатуға әрекет жасағанымен, бұған жауап ретінде жасөспірімдер тіптен айдындай бастаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген кезде жасөспірімдердің біраз бөлігі іздерін суытып үлгерді.

Павлодар облыстық ІІБ полиция қызметерлерінің Суворов зиратына шақырылу дерегін растап отыр. Алайда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ, әзірге тексеру-тектеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал зират қызметкерлерінің айтуынша, ойраншыл жасөспірімдердің әрекетінен 9 мың бейіттің 120-сы зардап шекті. Олар сондай-ақ, осы айда қабірлерді ойрандау оқиғасы едәуір жиілеп кеткенін, ал вандалдардың мастықтан немесе есірткіден еліріп жүруі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар