Павлодардағы мәдениет, өнер саласының қызметкерлеріне, этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларына облыс әкімінің гранттары табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы мәдениет, өнер саласының қызметкерлеріне, этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларына облыс әкімінің гранттары табыс етілді

Павлодардағы мәдениет, өнер саласының қызметкерлеріне, этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларына облыс әкімінің гранттары табыс етілді

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өнер және мәдениет саласындағы адамдарға, аймақтағы ақын-жазушыларға он аталым бойынша гранттар табыс етті, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

  • 14 Желтоқсан 2010
  • 465
Фото - Caravan.kz

Өнер зиялыларымен болған кездесу сенім, достық қарым-қатынаста өтті. Атқарушы билік соңғы жылдары шығармашылық адамдары еңбек етіп жүрген шарттарға баса назар аудара бастаған.

«Жол картасы» бойынша Ж.Аймаутов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры жөндеуден өтіп, мереке қарсаңында аймақтағы мәдениет сарайлары мен демалыс орындары ретке келтірілді.

«Келесі жылы А.Чехов атындағы драма театрының жұмыс мекемелерін жөндеуден өткізу және Ю.Гагарин атындағы саябақты абаттандыруға қажетті қаражат бөлінетін болады», — деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ кеше Б.Сағынтаев этномәден бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының көшбасшыларын қабылдап, оларға гранттар табыс етті.

Перейти к новостям спорта