Павлодардағы мектеп лагерьлерінде бірінші маусым аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы мектеп лагерьлерінде бірінші маусым аяқталды

Павлодардағы мектеп лагерьлерінде бірінші маусым аяқталды

Павлодардағы мектеп жандарындағы лагерьлерде бірінші маусым аяқталды, деп хабарлады білім бөлімінен.

  • 27 Маусым 2011
  • 524
Фото - Caravan.kz

№23 мектептің сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалар бірінші маусымның соңғы күні кинотеатрда болды, «Жұлдызды жауын» ойын-сауық конкурсына қатысты. Қоштасар сәтте олардың барлығына сыйлықтар және екінші маусымға шақырулар табыс етілді.

Қаладағы «Патриот», «Радуга», «Полиглот», «Юный лингвист» профильдік лагерьлерінде де маусым аяқталды. Маусымның жабылу рәсімінде балалар өткен үш аптада алған әсерлерімен бөлісті.

Ал №24 мектептің жоғары сынып оқушыларының жасағы бірінші еңбек ауысымын аяқтады. Олар «Дендро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша шөп орды, гүлзарлар мен саябақтардағы ағаштарды күтіп-баптады. Балалардың көбісі екінші маусымда да еңбек етуге ниет білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар