Павлодардағы металлургиялық зауытта балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен шыққан снарядтар жауынгерлік мақсаттағы снаряд болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы металлургиялық зауытта балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен шыққан снарядтар жауынгерлік мақсаттағы снаряд болып шықты

Павлодардағы металлургиялық зауытта балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен шыққан снарядтар жауынгерлік мақсаттағы снаряд болып шықты

Павлодардағы металлургиялық зауытта балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен шыққан снарядтар жауынгерлік мақсаттағы снаряд болып шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне құқық қорғау мекемелеріндегі сенімді ақпарат көзі хабарлады.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 521
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің айтуынша, снарядтың ішіндегі дәрісі тротил көрінеді. Оқ-дәрі партиясының жалпы салмағы 29 тонна екенін ескерсек, олардың жарылыс қуатын бағамдай беріңіз, дейді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, балқытуға жіберілетін қара металл қалдықтарының ішінен ірі көлемде оқ-дәрі партиясы шыққан. Металл қалдықтары Павлодардағы «Кастинг» зауытына Оңтүстік Қазақстан облысынан теміржолмен жеткізілген көрінеді. Жүкті жіберуші — Шымкенттегі «Малжан ЛТД» фирмасы. Оқ-дәрі партиясының ішінен бірнеше түрлі снарядтар шыққан. Олардың арасында жарылыс қаупі жоғары кумулятивті снарядтар да бар. Қазір жүк күшейтілген күзетке алынды.
Өткен аптаның соңында Павлодарға Семейдегі инженерлік-саперлік батальонның сапарлер тобы келіп жетті. Снарядтарды ұқсату мәселесі әзірге шешілген жоқ. ҰҚКД-нің желісі бойынша арнайы тексеру жүргізіліп жатыр. Осындай ірі көлемдегі оқ-дәрі партиясының қандай жолмен жеке қолға түскені және тиісті қауіпсіздік тәртіптері сақталмай арасы шалғай Оңтүстік Қазақстан облысынан Павлодарға қалай жеткені түсініксіз күйінде қалып отыр. Ресми мекемелер әзірге бұл оқиға туралы ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар