Павлодардағы құбыр прокаты зауыты металл сатып алу бағасын екі есеге жуық төмендетіп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы құбыр прокаты зауыты металл сатып алу бағасын екі есеге жуық төмендетіп жіберді

Павлодардағы құбыр прокаты зауыты металл сатып алу бағасын екі есеге жуық төмендетіп жіберді

Павлодар. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодардағы құбыр прокаты зауыты 1 қазаннан бастап металл сатып алу бағасын екі есеге жуық төмендетіп жіберді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Қазан 2008
  • 549
Фото - Caravan.kz

Бұрын кәсіпорын металлдың бір тоннасын 31 мың теңгеге сатып алатын. Кеше зауыт өкілдері сатушыларға металлдың бір тоннасын 18 мың теңгеге сатып алатынын жария етті.

Қазақстандағы ірі металлургиялық кәсіпорынның мұндай әрекеті сатушылардың наразылығын тудыруда. Кәсіпорынның жанында еліміздің әр өңірінен келген металл тиелген 800 астам «КАМАЗ» жиналып қалды. Кеше түстен кейін жүргізушілер зауытқа баратын жолды жарты сағаттай жапты.

Бүгін олар наразылық шарасын одан әрі жалғастырмақшы. Жүргізушілер қолдарында металлдың бір тонасын 31 мың теңгеге қабылдау жөнінде келісім-шартымыз бар дейді. Олар бағаның төмендеуіне байланысты шығынға ұшырауда, бір күн жұмыссыз тұру оларға 5 мың теңгеге түсуде. Зауыт басшылығы жағдайға түсініктеме бермей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар