Павлодардағы түрмеде бақылаушылар ботқа пісіретін ұнтақ арасынан құрт тауып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы түрмеде бақылаушылар ботқа пісіретін ұнтақ арасынан құрт тауып алған

Павлодардағы түрмеде бақылаушылар ботқа пісіретін ұнтақ арасынан құрт тауып алған

Павлодарда түзеу мекемелерінің біріне кезекті тексеріспен барған бақылаушылар жағаларын ұстады. Олар ботқа пісіретін жарма ұнтағының арасынан құрт тауып алған көрінеді.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 277
Фото - Caravan.kz

Жазасын өтеушілерге жанашыр боп жүрген Ирина Семенова. АП 162/2 түзеу мекемесінің асханасындағы болмашы былықтарды байқап, жұртқа жар салып жүр. Айтуынша, қойма мен тоңазытқыштар жартылай бос. Ал сотталушыларға таңғы ас әзірленетін ботқа ұнтағының арасынан жыбырлаған құрттарды аңғарған. Жәндіктерді бірден қағазға орап, мекеме қызметкерлерін куәлік ету үшін арнайы құжатқа қол қоюларын сұраған екен. Алайда ондағылар ұнтақтың осы жерден алынғанын дәлелде деп сыртқа шығарып жіберіпті. Жалпы режимдегі түрмеде қазір мыңға жуық азаматтың жазасын өтеп жатқанын айта кетейік.Тексеріс қорытындысын көрген мекеме басшылары өздеріне шаң жуытар емес. Керісінше жала жапқаны үшін бақылаушыны  жазасыз қалдырмайтындарын айтуда.

Нұрлан Мақажанов, АП 162/2 түзеу мекемесі бастығының орынбасары:

— Маусым сайын бізде нелер тексеріледі.Тамақта ешқандай құрт табылған жоқ. Күнде тамақ береміз складтардан.Тамақтарға құжаттар бар. Сотталушылар бізде үш мезгіл тамақ ішеді.

Соңғы жаңалықтар