Түзету мекемесінің асханасында қамауда отырған екі адамның арасында кикілжің туындаған. 6 жылға бас бостандығынан айрылған 23 жастағы және 10 жылға кесілген 36 жастағы екі тұтқын туындаған дау-дамайды пышақтың көмегімен шешпек болған. Соның салдарынан пышақтан жарақаттанған жас жігіт түрменің медициналық-санитарлық бөлімінде көз жұмды.
Павлодардағы түрмеде бір тұтқын жарақаттан қайтыс болды
