Павлодардағы Зеленстрой ауылының тұрғындары 1 жарым айдан бері ауыз судан тапшылық көруде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы Зеленстрой ауылының тұрғындары 1 жарым айдан бері ауыз судан тапшылық көруде

Павлодардағы Зеленстрой ауылының тұрғындары 1 жарым айдан бері ауыз судан тапшылық көруде

Павлодар облысының Зеленстрой ауылына дейін тартылған су құбыры желісінде сәуір айының соңында үлкен апат болды. Соның салдарынан аталмыш ауыл тұрғындары 1 жарым айдан бері ауыз суға зәру болып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2003
  • 542
Фото - Caravan.kz

Барлығы 450 отбасы орталықтандырылған су қамтамасыздығы жүйесінен қол үзіп қалған болатын. Су тек 1 жарым айдан кейін, 14-маусымда ғана жіберілген. Алайда құбырдағы қысымның төмендігінен ауыл тұрғындарының тең жартысы күні бүгінге дейін сусыз отыр. Олар ауыз суды көршілес ықшамаудандардан тасып ішуде. Ал жеке көліктері жоқтар суды сатып ішуге мәжбүр.

Павлодардың тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасынан хабарлауынша, «Зеленстрой ауылын қалыпты сумен қамтамасыз ету дәл қазіргі таңда жүзеге аспайтын шаруа «. Әкімшілік қызметкерлерінің айтуынша, ауылдың су құбыры желісі иесіз нысандар санатында. Желі «Горводоканал» мекемесінің де, қаланың коммуналдық шаруашылығының да балансынан тысқары қалған Ал су қамтамасыздығын қалпына келтіру үшін шамамен 39 млн. теңге қажет. Бюджетте қараусыз қалған желілерді жөндеуге қаржы қарастырылмаған дейді әкімшілік қызметкерлері.
Осыған байланысты Зеленстрой тұрғындары ауылды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешіп беру туралы парламент пен үкіметке өтініш жолдады.
Зеленстрой ауылы Павлодардан бір шақырым қашықтықта орналасқан, онда 470-тен астам отбасы тұрады.

Соңғы жаңалықтар