Павлодардағы жалғыз жерасты өткелі өнер орталығына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардағы жалғыз жерасты өткелі өнер орталығына айналды

Павлодардағы жалғыз жерасты өткелі өнер орталығына айналды

Павлодардағы жалғыз жерасты өткелі өнер орталығына айналды. Бүгін суретшілер оның қабырғаларына шетел жұлдыздарының кескін-келбетін бедерлеп, қала тұрғындарын графити өнерінің қыр-сырымен таныстырды.

  • 12 Қараша 2013
  • 355
Фото - Caravan.kz

Жерасты жолының сүреңсіз сұрқынакөзі үйреніп қалған тұрғындар бүгін таң-тамаша. Осы өткелмен күнделікті арлы-берлі қатынайтын қалалықтар Голливуд пен Ресей актерлерын осылайша қабырғадан көреміз деп ойламаса керек. Бастамашылар бұған бір аптадай уақыттарын жұмсапты. Олар қоғамдық мәселелерді қозғайтын «стрит-арт» бағытынан қашып, жеңіл әсер беретін көріністерді әдейі таңдаған. Тіпті, наразылық атаулыдан сақ болу үшін отандық жұлдыздардың суретін де салмадық деп отыр.


Әсел Елжанова, Павлодар қаласының тұрғыны:

— Осы суреттер өте таң қалдырды, өте әдемі, керемет, таң қалдыратын жайт, өйткені қазіргі таңда осындай суреттер аз деп ойлаймын және те осы суретті салған адамдарға көптеген рахмет! Маған өте ұнады.