Павлодар облысы ІІД әкімшілік полициясының инспекторы Бибол Жұмановтың айтуынша, жол апатында зардап шеккен «Мазда» көлігінің 45 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. — Алдын ала болжам бойынша жол-көлік оқиғасына «Мазда» көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол қауіпсіз жылдамдықты таңдамағандықтан, басқару жүйесіне ие бола алмай қалған, — дейді Б. Жұманов.