«16 жастағы Роза Мұқатаеваның еркін шығатын әдемі дауысы мен «Әлия» әнін сезімге беріле отырып орындауы қазылар алқасының көңілінен шығып, ол бірінші орынды, сонымен қатар мәскеулік композитор Вячеслав Тюлькановтан сыйлық ретінде авторлық әнін алып келді», — деп атап өтті ұжымның көркемдік жетекшісі Елена Валько.
Бірінші дәрежелі диплом мен үшінші орынның дипломын ала келген «Жұлдыз жарығы» театрының басқа да мүшелері фестивальде жақсы көрсеткішке жеткен.