Павлодардан Парламент Сенаты депутаттығына кандидатура ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардан Парламент Сенаты депутаттығына кандидатура ұсынылды

Павлодардан Парламент Сенаты депутаттығына кандидатура ұсынылды

Павлодар қалалық мәслихатының 21 маусымда өткен кезектен тыс сессиясында ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына ұсыну үшін кандидатура қаралды.

  • 22 Маусым 2011
  • 370
Фото - Caravan.kz

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұсынысы бойынша, нұротандық депутаттар Асхат Күзековтың кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Асхат Күзеков Баянауылда туған, еңбек жолын байланыс инженері болып бастаған. Аудандық байланыс торабының инженері қызметінен «Қазақтелекомның» облыстық дирекциясының бас директорлығына дейін өскен. Асхат Күзековтың мемлекеттік наградалары мен атақтары бар.

Елбасы Жарлығына сәйкес, Парламент Сенатына сайлау 19 тамызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар