Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана ВИЧ індетін жұқтырды деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана ВИЧ індетін жұқтырды деп айыпталуда

Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана ВИЧ індетін жұқтырды деп айыпталуда

Павлодардың 21 жасар тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпеген қызға қасақана ВИЧ індетін жұқтырды деп айыпталуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІББ-ның Солтүстік полиция бөлімінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2004
  • 405
Фото - Caravan.kz

Күдікті өзінің СПИД жұқтырғанын жасыра отырып 14 жастағы қызбен жыныстық қарым-қатынаста болған. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «өзінің ВИЧ/СПИД індетін жұқтырғанын біле тұра екі немесе одан да көп адамға індетті жұқтыру, немесе кәмелеттік жасқа жетпеген адамға ауру жұқтыру» жөніндегі 116 бап, 3 тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті қамауда отыр. Ол 8 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Полициядан хабарлағанындай, күдікті бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталған. Ал жәбірленуші облыстық СПИД орталығының бақылауына алынды. Алғашқы қан тексеруі кері нәтиже көрсетті.
Бұл Павлодардағы СПИД-ті террор құралы ретінде қолдануға бағытталған осындай алғашқы оқиға емес екенін айта кету керек. Осыдан үш жыл бұрын қала тұрғыны өзінің таныс әйелін зарарлы шприцпен егу арқылы қасақана ВИЧ жұқтыруға әрекет жасаған болатын. Тағы бір оқиғаға келсек, бір кәнігі нашақор басқа да есірткіге тәуелді адамдармен ортақ шприц пайдалана тұра өзінің ВИЧ жұқтырғанын олардан жасырып қалған. Соның салдарынан 10 адам індет жұқтырды.
Қазіргі жағдаймен, жалпы алғанда Павлодар облысында ВИЧ індетінің құрығына іліккен 815 адам ресми тіркеліп отыр. Бұл республика бойынша Теміртаудан кейінгі екінші көрсеткіш. Тек биылғы жыл басынан бері осындай 15 адам тіркелді.

Соңғы жаңалықтар