Ол фотограф Альберт Шар өткен жылы ашқан «Вега» фотомектебі түлектерінің алғашқы көрмесі. Көрмеге 15 жастан 48 жасқа дейінгі 53 автордың 53 суреті қойылған. Әрқайсының өзіндік тақырыбы бар, олардың ішінде табиғат, балалар мен сүйкімді қыздардың суреттері, қалалық және ауылдық сюжеттер топтастырылған.
Жаңа бастап келе жатқан фотографтар өз стилін іздеп, келушілерге өздерінің шынайы сезімге негізделген туындыларын ұсыныпты.
«Суреттерде барлығы шынайы, — дейді А.Шар. — Мұнда ешқандай фотошоп пен компьютерлік кескіндеме атымен жоқ».