Жарияланды: 400

Павлодардың құрылыс бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қаржы полициясы Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Нұрлан Сүлейменовты өз кабинетінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірді, деп мәлім етті агенттікке қала әкімдігіндегі дереккөз.

Дереккөздің мәліметіне сәйкес, фигурант мал қорымының құрылысы мәселесін шешкені үшін өткен жұма күні жұмыс күні аяқталғанда Т600 мың алып жатқан кезде ұсталды. Дүйсенбі күні қалалық құрылыс бөлімінің бастығы жұмыс орнынан табылмады. Қабылдау бөлмесінің қызметкерлері бөлім бастығының міндеттерін атқарушының тағайындалуын күтіп отырғандарын айтқан. Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (ЭҚСЖКД) мемлекеттік қызметкердің ұсталу фактісін қуаттады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты. «Ресми ақпарат кейін беріледі», - деді Павлодар облысы бойынша ЭҚСЖКД баспасөз хатшысы Самал Ахмедьянова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін