Павлодардың құрылыс бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың құрылыс бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Павлодардың құрылыс бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қаржы полициясы Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Нұрлан Сүлейменовты өз кабинетінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірді, деп мәлім етті агенттікке қала әкімдігіндегі дереккөз.

  • 4 Шiлде 2011
  • 386
Фото - Caravan.kz

Дереккөздің мәліметіне сәйкес, фигурант мал қорымының құрылысы мәселесін шешкені үшін өткен жұма күні жұмыс күні аяқталғанда Т600 мың алып жатқан кезде ұсталды.

Дүйсенбі күні қалалық құрылыс бөлімінің бастығы жұмыс орнынан табылмады. Қабылдау бөлмесінің қызметкерлері бөлім бастығының міндеттерін атқарушының тағайындалуын күтіп отырғандарын айтқан.

Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті (ЭҚСЖКД) мемлекеттік қызметкердің ұсталу фактісін қуаттады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты.

«Ресми ақпарат кейін беріледі», — деді Павлодар облысы бойынша ЭҚСЖКД баспасөз хатшысы Самал Ахмедьянова.

Соңғы жаңалықтар