Павлодардың жол полициясы үйлену тойына қатысушы көліктердің салтанатты шеруіне қоятын бақылауды күшейте бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодардың жол полициясы үйлену тойына қатысушы көліктердің салтанатты шеруіне қоятын бақылауды күшейте бастады

Павлодардың жол полициясы үйлену тойына қатысушы көліктердің салтанатты шеруіне қоятын бақылауды күшейте бастады

Павлодардың жол полициясы үйлену тойына қатысушы көліктердің салтанатты шеруіне қоятын бақылауды күшейте бастады. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының бастығы Серік Жүнісов хабарлады.

  • 6 Қараша 2003
  • 641
Фото - Caravan.kz

Үйлену тойына қатысушы көліктердің салтанатты шеруі жол қозғалысының тәртібін жиі бұзатын болды. Соның салдарынан жол үстінде апатты жағдайлар жиі орын алуда. Алайда, үйлену тойына қатысушылар полицейлердің көлікті тоқтату, ауызша ескертуге құлақ асу жөніндегі талабына пысқырып та қарамайды деп пайымдайды С.Жүнісов. «Әрине, біз өз тарапымыздан, үйлену тойы — жас жұбайлар мен олардың отбасы мүшелері үшін өмірдегі ең елеулі оқиға екенін түсінеміз. Сондықтан да инспекторлар көбінесе жүргізушіге ауызша ескертулер ғана беруге, соның өзінде оларды салтанатты шеру гүл шоқтарын қою немесе суретке түсу мақсатымен аялдаған кезде ғана тоқтатуға тырысады»,- деді жол полициясы басқармасының бастығы.

Үйлену тойы салтанаттары көп жағдайда сенбіге дөп келетіндіктен жол полициясының қызметкерлері дәл сол күні арнайы рейдтер ұйымдастыруда. Сондай-ақ, полиция жергілікті БАҚ-тар мен АХАЖ өкілдері арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады. Егер бұл әрекеттер тиісті нәтижесін бермесе, шараның қатаң түрлері қолданылуы мүмкін деді С.Жүнісов.
Жол апаттарының санына қарай Павлодар облысы еліміз бойынша 7-орында. Жуырда Павлодарда өткен жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған республикалық кеңесте атап көрсетілгеніндей, биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 9615 жол апаты тіркелген. Бұл апаттарда 1808 адам қаза тауып, 11728 адам әртүрлі дәрежелі жарақат алды. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жол апаттары санының өсімі 5,6 процентті құрады.

Соңғы жаңалықтар