«Павлодар-Екібастұз» тас жолында екі шетелдік көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, жетеуі ауруханаға жеткізілді
«Павлодар-Екібастұз» тас жолында екі шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді, |
деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Жексенбі, 28 қазан күні «Павлодар-Екібастұз» тас жолының 42-ші шақырымында «Мерседес» және «Ауди» көліктері соқтығысып қалды.
Жол апатының салдарынан «Мерседестің» ішінде отырған 49 жастағы әйел, сондай-ақ «Аудидің» 1963 жылғы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
«Мерседестің» 24 жастағы жүргізушісі және оның 1990, 1966 жылғы екі жолаушысы, сондай-ақ екінші көлікте отырған 8 жасар бала, 1999 жылғы қыз, 30-35 жас аралығындағы әйел, 12-13 жасар тағы бір қыз бала ауруханаға жеткізілді, олардың тұлғалары анықталған жоқ.
Төтенше оқиға орнына Павлодар облыстық ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы шықты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін