«Павлодар-Екібастұз» тас жолында екі шетелдік көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, жетеуі ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Павлодар-Екібастұз» тас жолында екі шетелдік көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, жетеуі ауруханаға жеткізілді

«Павлодар-Екібастұз» тас жолында екі шетелдік көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, жетеуі ауруханаға жеткізілді

«Павлодар-Екібастұз» тас жолында екі шетелдік көліктің соқтығысуы салдарынан 3 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді,

  • 29 Қазан 2012
  • 327
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жексенбі, 28 қазан күні «Павлодар-Екібастұз» тас жолының 42-ші шақырымында «Мерседес» және «Ауди» көліктері соқтығысып қалды.

Жол апатының салдарынан «Мерседестің» ішінде отырған 49 жастағы әйел, сондай-ақ «Аудидің» 1963 жылғы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

«Мерседестің» 24 жастағы жүргізушісі және оның 1990, 1966 жылғы екі жолаушысы, сондай-ақ екінші көлікте отырған 8 жасар бала, 1999 жылғы қыз, 30-35 жас аралығындағы әйел, 12-13 жасар тағы бір қыз бала ауруханаға жеткізілді, олардың тұлғалары анықталған жоқ.

Төтенше оқиға орнына Павлодар облыстық ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы шықты.

Соңғы жаңалықтар