Павлодарға 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен зілдің қаңқасы әкелінді - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарға 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен зілдің қаңқасы әкелінді

Павлодарға 40 мың жыл бұрын тіршілік еткен зілдің қаңқасы әкелінді

Павлодарға Ресейдің Новосібір қаласынан жүнді зілдің (мамонт) толық қаңқасының көшірмесі жеткізілді. Қаңқаның өзі 2011 жылы аталған өңірден табылған.

  • 28 Мамыр
  • 4
ФОТО: kaz.inform.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Новосібір мемлекеттік өлкетану музейінде сақталып келе жатқан ерекше жәдігер – әлем бойынша қаңқасы ең толық зіл. Оны жергілікті халық «Самсон» деп атап кеткен.

Қаңқаның ұзындығы – 5,5 метр, биіктігі үш метрден асады.

Ал жасы шамамен 40 мың жыл. Алып жануар плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен.

Сондай-ақ көрмеде ресейлік суретшілердің туындылары мен сахналық костюмдер бойынша көрме ұсынылды. 

Еске сала кетейік, Павлодар музейінде мұз дәуірінде тіршілік еткен алып бұғы сақтаулы тұр. Зілге пара-пар алып бұғының биіктігі 4-5 метр болған. Ал салмағы шамамен 700 килограм тартқан. 

Сүтқоректі жануардың сүйектері 1972 жылы қазіргі Аққулы ауданының Жамбыл ауылы маңында, Ертіс өзенінің жарынан табылыпты.