Павлодарға биатлон федерациясының басшысы Владимир Смирнов инспекциялық сапармен келді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарға биатлон федерациясының басшысы Владимир Смирнов инспекциялық сапармен келді

Павлодарға биатлон федерациясының басшысы Владимир Смирнов инспекциялық сапармен келді

Павлодар. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарға олимпиада чемпионы, биатлон федерациясының басшысы Владимир Смирнов инспекциялық сапармен келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 2 Қараша 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Менің мақсатым — бізде қандай резервтер бар екендігін, біз спортта қандай жетістіктерге қол жеткізе алатындығымызды білу»,- деді Владимир Смирнов журналистермен кездесуінде. Биатлон федерациясы басшысының хабарлауынша, «Қазақстан спортта экономикадағыдай алдына амбициялық мақсаттар қояды».

«Мен Павлодарда қар шаңғысының қалай дамып келе жатқандығын, қандай базалар бар, олардың сапалары қандай, келешегінен зор үміт күттіретін қандай балалар бар екендігін көру үшін келдім»,- деп атап өтті Владимир Смирнов. Биатлон федерациясының бастығы жалпы көргендеріне көңілі толған, бірақ оның пайымдауынша, спортшыларды дайындау жүйесі мен олардың жаттығып жүрген жағдайлары бұдан да жақсы жетілдіруді қажет етеді.

Атақты чемпионды Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов қабылдады. Аймақ басшысы оған жергілікті чемпиондардың жарыстарда қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді. Әкімнің хабарлауынша, қазіргі уақытта Павлодарда заманауи шаңғы базасы салынуда, спортшыларға арналған экипировкалар мен арнайы құрал-жабдықтар сатып алынуда.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Смирнов 1994 жылы Лилихаммерде болған Олимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, оның төрт Олимпиада ойындарында жеңіп алған 4 күміс медаль және 2 қола медалі бар. Сондай-ақ көптеген медальдарға қол жеткізген. Қазіргі уақытта Халықаралық биатлон федерациясының вице-президенті балып табылады, сондай-ақ Қазақстанның биатлон федерациясын басқарады. Ел алдындағы еңбегі үшін «Отан» орденімен марапатталған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті