Жарияланды: 460

Павлодарлық археологтар өңірден табылған құнды жәдігерлердің таныстырылымын өткізді

Павлодарлық археологтардың кешендік ғылыми экспедициясы облыс аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей олжаларды ұсынды,

деп хабарлады Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының баспасөз қызметінен. Археолог Тимур Смағұловтың басшылығымен жазда қазба жұмыстарына ПМПИ, ИнЕУ-нің студенттері мен оқытушыларының жасақтары, Павлодар және Екібастұз тарих-өлкетану мұражайларының қызметкерлері шықты. Соңғы жылдардың ішінде бірінші рет далалық Ертіс маңының көне тарихының дәуірлерін көрсеткен көлемі бойынша айтарлықтай үлкен материал алынды. Тұсаукесерде сақ дәуіріндегі көшпенділердің молаларынан, Алтын Орда кезіндегі сәулет құрылыстарынан табылған қола, алтын, сүйек және күйіктастан жасалған бірегей олжалар көрсетілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін