Павлодарлық эпидемиологтар 20 қытайлық ойыншықты тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық эпидемиологтар 20 қытайлық ойыншықты тәркіледі

Павлодарлық эпидемиологтар 20 қытайлық ойыншықты тәркіледі

Ертіс өңірінің эпидемиологтары қытайлық ойыншықтарды бала денсаулығына қауіпті деп таныды. Мамандар ойыншықтардың 85 түрін тексеріп, олардың қатарында аллергиялық ауруларды тудырады деген байламға келді.

  • 7 Қараша 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Лол есімді қуыршықтың құрамында стерол мен формальдегид көлемінің артық екені анықталды. Бүгінгі күні ойыншықтың 20-дан астам үлгісі сатылымнан алынды.

Павлодар облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті техникалық регламентті бақылау бөлімінің басшысы Ғалымбек Алиннің айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға сәйкес стерол мен формальдегидтің нормадан тыс болғаны белгілі болған.

«Бұл зиянды заттар аллергиялық ауруларға душар етіп, балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Осы тектес ойнышықтарды саудалаған бизнес өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды, яғни, айыппұл салынды. Осындай ескертулер украиналық және ресейлік ойыншықтарға да қатысты болды. Тауарлардың барлығы қауіпті деуге негіз жоқ. Сатып алушылар өнімнің сертификатын талап ету керек. Құжат болмаса, күмәндануға болады», — дейді маман.

Мамандардың айтуынша, тексерілген 85 ойыншық түрінің 25%-ы қате таңбалау салдарынан техникалық регламенттерге сәйкес болмай шықты. Тауарлардың қораптарында Еуразиялық экономикалық Одақ нарығы айналымындағы бірыңғай белгісі мен мемелкеттік тілдегі ақпарат жоқ.


Айта кетейік, ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді.

 

Соңғы жаңалықтар