Павлодарлық екі тұрғын газ көмегімен өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық екі тұрғын газ көмегімен өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады

Павлодарлық екі тұрғын газ көмегімен өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады

Павлодарлық екі тұрғын газ көмегімен өзін-өзі өлтіруге әрекет жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

  • 27 Тамыз 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Ең алдымен бірінші оқиғаға тоқталсақ, 40 жастағы еркек пәтерге кіретін есікті ашылмастай етіп мықтап жауып, газ плитасын қосқан. Көршілердіңшақыруымен келген құтқарушылар пәтерге балкон арқылы кіріп, газ плитасын сөндіріп бөлме ішін желдетті. Ал ауыз толтырып айтарлықтай уланбаған пәтер қожайынына дәрігерлік көмек қажет болмай қалды.

Екінші жағдайда тағы да 40 жастағы бір еркек мас күйінде газ баллоны мен оттық алып «Москвич» автокөлігіне кіріп есікті жауып алған. Көршілердің шақыруымен полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келіп жеткен кезде әлгі еркек газ баллонының вентилін ғана ашып үлгерген екен. Полиция қызметкерлері онымен кеіссөздер жүргізуге кіріседі. Бәлкім оған газ бен ішімдік қатар әсер еткен болу керек, мас еркек оттықты іске қосып үлгермей , келіссөздер барысында ұйықтап қалған. Сөйтіп, көліктің әйнегін сындырған құтқарушылар еркекті машинадан шығарып , дәрігерлер қолына табыс етті. «Егер ол баллонға от алдырып үлгерсе қуатты жарылыс орын алар еді»,- дейді құтқарушылар.

Соңғы жаңалықтар