Павлодарлық еріктілер Қазақстандағы "ең алып" адамның өз пәтерін иемдену құқығын сақтап қалуына көмектесті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық еріктілер Қазақстандағы "ең алып"  адамның өз пәтерін иемдену құқығын сақтап қалуына көмектесті

Павлодарлық еріктілер Қазақстандағы "ең алып" адамның өз пәтерін иемдену құқығын сақтап қалуына көмектесті

Павлодарлық еріктілер дене салмағы 400 келі тартуға байланысты Қазақстандағы "ең алып" адамға саналатын Валерий Лебедевтің өз пәтерін иемдену құқығын сақтап қалуына көмектесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2004
  • 618
Фото - Caravan.kz

Бұрын ауыр атлетикамен шұғыладанған, бүгіндері екінші топтағы мүгедекке айналған 52 жастағы Валерий Лебедевтің мүгедектікке байланысты алатын жәрдемақысының көлемі 4 мың теңге. Оның коммуналдық қызметке берешегі 70 мың теңгеден асып жығылған. Осыған байланысты жергілікті монополистер оны пәтерінен айыруға әрекет жасаса керек.

Павлодардағы сырқат және қарт адамдардың бағым-күтімімен айналысатын әлеуметтік-еріктілер орталығының қызметкерлері мүгедек жанға қолұшын беру туралы азаматтарға мәлімдеме жариялаған. Осы оқиғадан кейін В.Лебедевтің есепшотына ақша аударыла бастады. Жуырда Валерий қарызынан құтылды. Ал еріктілер оған әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеуге қолғабыс жасады.
Қалалық әлеуметтік-еріктілер орталығының директоры Динара Айтжанованың айтуына қарағанда, мүгедекке жанашырлық танытқандардың арасында Павлодарлықтар ғана емес, басқа қала тұрғындары да бар. Мәселен, Алматы қаласының бір әйел тұрғыны Лебедевтің есепшотына 2 мың теңге аударыпты.
Сөйтіп, Қазақстандағы «ең алып» адам серігі — «Альфа» есімді дворняжка ит пен өзіне «ендігі жерде ешбір қауіп төнбейді» деген сенімге ие болды. Бұрынғыдай Альфа азық-түлік әкелуге дүкенге жүгірсе, Валерийдің өзі қайтадан спортпен шұғылдануға кіріспекші.

Перейти к новостям спорта