Павлодарлық «Ертіс» ФК басшыларын белгісіз біреулер соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық «Ертіс» ФК басшыларын белгісіз біреулер соққыға жыққан

Павлодарлық «Ертіс» ФК басшыларын белгісіз біреулер соққыға жыққан

Павлодарда бүгін оқыс оқиға орын алды. «Ертіс» клубының директоры Хәлімжан Ержанов жалдап тұратын пәтерінің алдында оның өзін және осы ФК спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жыққан.

  • 19 Мамыр 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz


Беттеріне қара бетперде киген екі адам павлодарлық футбол клубының жетекшілерін әдейілеп торуылдағанға ұқсайды. Олар зардап шегушілерді арматурамен ұрып, соққының астына алған.

Қазір Болат Ысқақов жансақтау бөлімінде жатыр, оған ота жасалуда. Ал Хәлімжан Ержанов біршама алған жарақаттарына қарамастан, ауруханаға жатудан бас тартқан, деп жазады Sports.kz.

«Қазіргі сәтте Ысқақовтың жағдайы ауыр. Хәлімжан Сағидоллаұлы да басынан жараланды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты», — деп нақтылады керекулік команданың дәрігері Сергей Фомин.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера